Ұзындығы 4,5 шақырымдық жүгіріс жолына аудан әкімі Махамбет Бейдалимен қатар, аудан тұрғындары және орта мектептердің 8-10 сынып оқушылары шықты. Аудан әкімінің айтуынша, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамыту Елбасының биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыстар жүйесіне аудандық, облыстық және республикалық деңгейде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу енгізілген болатын. «Бүгінгі жарыс осы жоспар аясында жастар мен тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып өткізіліп отыр», дейді аудан әкімі.
13:08, 15 Мамыр 2010
Алматыда жаппай жүгіру шарасы өтті
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып, жаппай жүгіру шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.