Алматыда жаратылыстану ғылымдарының Қазақстаның инновациялық дамуындағы рөлі туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдарының Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» деп аталатын IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақтың Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университетінде болып жатқан бұл шараны әл-Машани атындағы Жаратылыстану-гуманитарлық институты ұйымдастырып отыр. Оған Ресей мен Сириядан ғалымдар қатысуда. Пленарлық мәжілісте бүгін ҚазҰТУ-дың оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректоры, профессор Ұ.Сыдықов - «Ұлттық рух және ақпараттық қауіпсіздік», Мысырдың әл-Азхар университетінің профессоры Мұхаммад Абдел Гани Шама - «Қоғамдағы қауіпсіздік негіздері», Санкт-Петербор мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің Математика институтынан физика-математика ғылымдарының докторы В.Шерышев «Техникалық физика мамандарын даярлаудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің рөл» деген тақырыпта баяндамалар жасады. Конференция жұмысы ертең секциялық мәжілістерде жалғасады деп жоспарланып отыр.