Алматыда жарыс кезінде 25 жастағы жігіт көз жұмды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда экстремалды жүгіру бәйгесінде 25 жастағы әуесқой спортшы Дәулет Бейсенбаев көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Adrenaline Nomad Race жобасының ұйымдастырушысы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаныңұйымдастырушысы Эльмираның айтуынша, спортшы жарыстың бас кезінде-ақ дистанциядан шығып кеткен.

«Бұл оқиғажарыстың аяғында немесе ортасында емес, басында болды. Жаңадан жүгіруге кіріскенде 9-кедергіден өтіп жатқан қызыл киген атлеттің жолдан тайыпкеткенін судьялар көрген. Дәулет жолдан бұрылып барып, жерге отырған. Судья бірқарағанда Дәулет көзден ғайып болған. Сосын артынан барғанда оның жерде жатқанын көрген.Ұялы телефондары шашылып жатты. Судья тез арада жігіттерді рациямен шақырды. Сол жерден жедел жәрдемкелгенше алғашқы көмек көрсетілді. Небәрі 3 минутта жедел жәрдем келді. Оданкейін реанимобиль жетті. Осының бәрі - 5 минут ішінде болған оқиға. Екі жедел жәрдембригадасы Дәулеттің өміріне араша түсті. Бірақ аман алып қала алмадық. Әзіргедәрігерлер Дәулеттің неден өлгенін айтпады. Марқұмның денесімәйітханада жатыр», -деді Эльмира.

Оныңайтуынша, бәйгеге тіркелген кезде спортшылар арнайы медициналық қағазын алыпкеледі.

«Бәйгеге18-ден асқан адамдар ғанақатыса алады. Ең алдыменолар сайтқа тіркеледі. Старт пакеттерін алар кезде денсаулығы жақсы екенін дәлелдейтінанықтама әкеледі. Олар қандай спорт түріне келгенін түсінуі керек қой. Спортқабайланысты барлық ықтимал салдарды қатысушы өз мойнына алады. Бұл экстремалды спортболғандықтан, мұнда адам денсаулығына зақым келуі мүмкін. Қатысатын адамныңкөптігі сонша,тіркеуде дәрігерді отырғызып тексеру мүмкін емес. Біз содан соң қолдарына қолхат береміз, онда «медициналық тексеруден өткен» деген тармақ бар. 25-35 жастағылар - өз-өзіне есеп бере алатын адамдар. Олқайда келгенін түсінуі тиіс. Ұйымдастырушыларға өтірік анықтама әкеліп,алдаудан ешкімнің ештеңесі кетпейді», -деді Эльмира.

AdrenalineNomad Race жарысында атлеттер екі категорияда жүгіреді. Опен катеогориясындаспортқа жаңадан қадам басып жатқан әуесқойлар бақ сынаса, Элиткатегориясында тісқаққан кәсібиспортшылар жүгіреді.

«Дәулетбірінші рет қатысқан. Олар командасымен Элит категориясының пакетін алды.Алайда, мен тіркеген кездебірінші рет қатысып жатқан адамдар Опенге жүгіргені дұрыс екенін айттым. «Жоқ, біз Элитте жүгіреміз» деді ол», - деп нақтылады ұйымдастырушы.

Оныңайтуынша, бұл жарыста адам өлімі бірінші рет тіркеліп отыр. Енді ұйымдастырушыларспортшыларды тіркеу кезінде өздері олардың денсаулығын тексеруге мүдделі.

Қазір қайтысболған атлеттің отбасына Adrenaline Nomad Race командасы қаржылай көмеккөрсетіп жатыр. Сонымен қатар, олар жерлеу рәсіміне де көмектеспекші.

Соңғы жаңалықтар