деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жыр додасын ҚазҰУ-дың филология факультеті мен журналистика факультетінің «Жез қоңырау» әдеби-шығармашылық ұйымының аясында ұлттық журналистік зерттеу орталығы ұйымдастырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мүшәйра жастар мен жасөспірімдер арасында патриоттық және рухани құндылықтарды арттыру мақсатында өткізілмек. Шараға жоғары оқу орындарынан 30-ға жуық жас таланттар қатысады. Жеңімпаздарға жүлделі орындар белгіленіп, арнайы марапат табыс етіледі. Сонымен қатар жүлделі орын алған студент-ақындардың өлеңдері университеттің «Жез қоңырау» альманағында жарыққа көреді.