«Симпозиумды өткізудің негізгі мақсаты - жас ерекшелік макулярлы дегенерацияны емдеу бойынша тәжірибемен алмасу, көз ауруларының ең ауыр түрлерін емдеудегі жаңа әдіс-тәсілдерді зерделеу болып табылады. Осыған дейін пайдаланып жүрген емдеу әдістері көздің көру үрдісін тұрақтандыру есебінен көмектесуге мүмкіндік беретін. Қазіргі таңда ұсынылып отырған емдеу тәсілдерінің ішінде Луцентис дәрісін қолданудың болашағы зор. Бұл дәрі көз көруінің үдемелі түрде төмендеуін баяулатып қана қоймай, көру қызметін белгілі бір мөлшерде қайда қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл дәрі фармацевтика саласындағы үлкен жетістік», - деп атап өтті ҚР-ның бас офтальмологы, Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынгүл Ботабекова.
Оның айтуынша, Көз аурулары Қазақ ғылыми-зерттеу институты ЖМД көз ауруын кешенді емдеу түрі бойынша метронидазол дәрмегін қолдануымен фототерапия әдісі үлкен жетістікпен тәжірибеде қолданылуда. «Басты назар отандық фотосенсибилизаторларды ойлап табуға бөлінуде. Жақында елімізде өсетін екі ұялы қалақайдан алынған феофитин сутекті ерітіндісі препараты клиникалық зерттеуден өтті», - деді Т. Ботабекова. Оның айтуынша, институт диагностика және емдеудің жаңа әдістеріне ғана емес, сонымен бірге дәрілік заттарды тасымалдау жүйесінің жетілуіне де назар аударуда.