деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш ұйым ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жас ғалымдар арасында осы семинарға қатысу үшін конкурс өткізген. «Жалпы 75 үміткерден тапсырыс келіп түсті, дегенмен Қазақстанның 11 қаласынан 25 жас ғалымның жұмысы қабылданды. Британдық Кеңес 15 жылдан бері Қазақстандағы білім беру реформасын қолдап келеді. Көп жылдан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша ынтымақтасып жұмыс істеп келеміз», дейді British Council ұйымының директоры Лина Милошевич.
Сонымен қатар ол қазақстандық талантты жас ғалымдардың халықаралық ғылымда карьерасын қалай дамытуына болат деген мәселесіне тоқталып өтті. «Алдымен зерттеу жұмыстарымен ЖОО-да оқыту сапасын көтеру керек, басқа елдердегі әріптестермен карьераның бастапқы кезеңі жайында кәсіби қарым-қатынас жасау керек. Сонымен қатар халықаралық кәсіби ғалымдардың қауымдастығына қатынасып, халықаралық форумдарға қатысып жаһандық сұрақтар бойынша диолог орнатып, өз үлесін қосу қажет» деп атап өтті Л.Милошевич.