Конференцияға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар мен жастардың ғылыми жұмыстарына қызығушылық танытқан ұйымдар қатысады.
Басқосуда өзекті деген бүгінгі заманғы зерттеулердің бағыттары талқыланып, жас ғалымдардың алдағы даму жоспарлары айқындалмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференция барысында еліміздегі жас ғалымдар арасында тиімді ынтымақтастықты нығайту мен тығыз байланыстар орнатуға үлкен назар аударылмақ.