Форумға келген талантты жастар егемендік жылдары қол жеткен табыстарды талқылап, болашақ жоспарларын пысықтады. Студенттер елімізде оқимын деген талапты жасқа барлық жағдайдың жасалғанын атап өтті. Жалпы, «Парасат» кәсіподағына 100 мыңға жуық адам мүше. Оның 90 мыңға жуығы - студенттер. Тек биылдың өзінде ұйым қатарына 20 мың студент өткен.
«Жалпы кәсіподақ, соның ішінде студенттер кәсіподағы студенттердің дамуына, жастардың құндылықтарының өсуіне, тұлға болып қалыптасуына үлкен елеулі үлесін қосатын орта болып табылады»,-дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Шұғыла Бүрлібаева.