Алматыда жас медицина мамандары тұрғын үй сертификаттарын алды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда еңбек жолын енді бастаған медицина қызметкерлері баспананың алғашқы жарнасына сертификаттар алды. Бұл туралы Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өткізген арнайы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда жарты жыл ішінде 40 мыңға жуық жұмысберуші шамамен 150 мың қызметкердің жалақысын үштен бір бөліктен астамға өсірді. Ал еңбек жолыненді бастаған медицина қызметкерлері үй сатып алу кезінде бастапқы жарнанытөлеу үшін тұрғын үй сертификаттарын алып жатыр. Сонымен қатар, 500 тұрғын сот жәнеқұқыққорғау органдарының араласуынсыз «Татуласу орталығы» қызметіне жүгіне отырып, өз дауларын шешті»,- деді Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінен.

Алматы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымыЗәуреш Өмірбаева алғашқыжартыжылдықтағы кәсіподақ жұмысын қорытындылай келе, қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартубойынша жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бүгінде Алматы Кәсіподақтар орталығы 200 мыңнанастам кәсіподақ мүшесінің басын қосқан ірі қоғамдық ұйымдардың бірі болыпсаналады. Еңбек етушілердің құқығын қорғап, туындаған дауларды шешугеатсалысып, 750 бастапқы кәсіподақ ұйымы жұмыс берушілер мен қызметкерлердіңарасында көпір болып жүр. Қызметкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып,олардың мүддесін қорғауға тырысып келеміз», - деді ол.

Кәсіподақтар орталығы жалақының өсуі, ұжымдықкелісімшарт жасасу, бастапқы кәсіподақ ұйымдарын құру, еңбек қауіпсіздігі,әлеуметтік серіктестік мәселелеріне баса назар аударды.

«Ұжымдық келісім шартқа жасасудың арқасындажұмысшылар жеңілдіктер мен кепілдемелерге ие болады. Құжатқа сәйкесқызметкерлер еңбек құқығын қорғау, жалақы, емделу және демалу бойыншаәлеуметтік кепілдікке ие болады. Жыл басынан бері 25 мыңнан аса ұжымдық келісімжасалды. Сонымен қатар рәсімделмеген еңбек қатынасын болдырмау мақсатында«Еңбек шартын жасаңыз» республикалық акциясы басталды. Бағдарламаны жүзегеасыру үшін «шұғыл желі», «сенім телефоны» ашылып, халық көп жиналатын орындарда «Сенім жәшіктері» орнатылды. Бірінші жартыжылдық ішінде меминспекторлар8 мекемені тексеріп, еңбек шартынсыз жұмыс жасап жүрген қызметкерлердіанықтады. Нәтижесінде,149 еңбек келісімшарты жасалды», - деді Зәуреш Өмірбаева.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында мекемелерде бастапқы ұйымдарды ашудың маңыздыекендігі атап өтілді. Өйткені олар қызметкерлердің мәселелерін шешумен айналысады. 2019 жылы 6 айда 10бастапқы кәсіподақ ұйымы құрылып, 4,1 мың адам мүшелікке тартылған.

«Кәсіподаққа мүше бола отырып жұмысшы, ең алдымен,әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктерге ие болады. Мұнда тегін заң қызметі,кепілдіктер мен компенсациялар, біліктілігін арттыру мен жалақысы жоғары өзгелауазымға ауысу мүмкіндігіне қолжеткізеді. Одан бөлек, жұмыстан шығарылған немесе өзге де әділетсіз жағдайлардакәсіподақ жұмысшыны қорғауға дайын. Өмірлік қиынжағдайларға тап болғандарға материалдық көмек, санаторий-курорттық емқабылдауға жеңілдікпен жолдама алуға көмек көрсетеді», - деді Алматы аумақтықкәсіподақтар бірлестігінің төрайымы.

Соңғы жаңалықтар