Алматыда «Жас Отан аруы» байқауы өтеді

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Мамырдың 31-інде Алматыда «Жас Отан аруы» байқауы өтеді.
Оны ұйымдастырушылар ? «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты. Оған қатысуға қаладағы ірі ЖОО арулар байқауының жеңімпаздары шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.Ұйымдастырушылар ең үздіктер іріктелетініне сенімді. Бойжеткендер білімі, ептілігі, тіл табысқыштығы, шығармашылығы жағынан сайысқа түседі.Аталған шараның мақсаты ? дарындыларды, шығармашылыққа икемділерді анықтау және жастардың әлеуметтік өмірге қатысуын жандандыру.Байқауға қатысушыларға өздерінің оқу орындарын лайықты таныстыруға, өздерінің шығармашылық машықтарын және саяси саладағы білімдерін көрсетуге мүмкіндік беру үшін, «Жас Отан» ЖҚ аталған шараны «Қазіргі заманғы мемлекеттің сұлулығы» айдарымен өткізіп отыр.