Алматыда жас суретші Роман Кузнецовтың «Барлығын білгім келеді» атты жеке көрмесі өтуде

АЛМАТЫ. 29 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы орталық көрме залында жас суретші Роман Кузнецовтің «Барлығын білгім келеді» атты жеке көрмесі ашылды.

Р.Кузнецов 2001 жылы 14 қарашада Қызылжар қаласында (Петропавловск) өмірге келген және сондағы № 2 жалпы білім беретін мектебінде білім алуда.

Романның суретке деген бейімділігі балалық шағында белгілі болған екен. Жас талант иесіне бос уақыт бөліп, оның дарынын дамытуға мүмкіншіліктің болмауы отбасындағы басты мәселе болған.

Баланың өнертапқыштық шығармашылыққа қызығушылығын Союз ТМА-14 Халықаралық ұшу экипажына ғарыштық эмблема құрастыру байқауына қатысып, сәтті өнер көрсетуі ынталандыра түскен. Ресейғарыш федералдық агентігінен жас суретші төрттік жеңімпаз қатарынан табылды деген жаңалық барлығын таңдандырып тастады. Марапат есебінде ол 2009 жылдың 22 наурызындағы "Байқоңырдан" ұшырылатын ғарыштық кеменің ұшырылу сәтін тамашалауға шақырылған.

Роман тек мақтау қағазын алып қана қоймай, естелік сыйлықтар мен экипаж мүшелерінің жеке қолы қойылған фотосуреттер алғанын мақтан тұтады.

Жас суретші көптеген халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы, сондықтан 20-дан астам түрлі марапат пен мақтау қағаздарына ие.

Аталған көрме 11 тамызға дейін жалғасады.