деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан биылғы конференцияның тақырыбы «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, сақтау және насихаттау». Конференцияға Астана, Алматы, Карағанды, Ақтөбе, Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскемен, Екібастұз, Тараз қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, аспиранттары мен арнайы зерттеу орталықтарының қызметкерлері, сонымен қатар мектеп оқушылары қатысуда. Ғылыми мәслихатта оқылатын баяндамалар тақырыбы ежелгі дәуірден бастап кейінгі ортағасырлық хронологиялық ауқымды қамтиды. Сондай-ақ С. Ақынжановтың Қазақстан тарихына сіңірген еңбегі жайлы айтылып, тарихи жәдігерлерді сақтау, оларды консервациялау және туризм бағытында қолдану мәселесі ортаға салынады.
Конференция аясында соңғы жылдарда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары негізінде жарияланған ғылыми еңбектердің көрмесі ұйымдастырылды.