Шараның ұйымдастырушылары - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті. Форумның мақсаты - талапкерлердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы оларға журналистика факультетін таныстыру болып табылады.
Биыл жас тілшілер форумына еліміздің 11 облысынан 15 жеңімпаз қатыспақ. Олар 85 талапкер арасынан ақпан-наурыз айларында өткен шығармалар байқауында іріктелінген болатын. Форум барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газеті жеңімпаздарға сыйлықтар табыстап, дипломдармен марапаттайтын болады.