Қайғылы оқиға Сүйінбай көшесінің бойында болған.
Оңтүстікке қарай бағыт алған Тойота Камри жүргізушісі жол бойындағы жігітті қағып кеткен.
Марқұм жігіт тыйым салынған жерден өтпек болған. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан жылдам ізін суытқан.
Куә болғандардың айтуынша, жігіттің қалтасынан есірткі өніміне ұқсас темекі табылған. Қазір оқиға орнында полиция жұмыс жасап жатыр.
Кейінірек жедел іздестіру тобының арқасында адам қаққан көлік Жигулевская көшесінен табылды.
Жүргізуші көлікті қалдырып, өзі жаяу қашып кеткен. Полиция күдіктіні іздеумен айналысып жатыр.