АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында ерекше той кортежі көзге түсті. Жас жұбайлар қымбат автокөлікпен қыдырудың орнына қала ортасында электросамокат теуіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Instagram желісіндегіпабликтердің бірінде қызық видео жарияланды. Онда жаңадан шаңырақ көтерген ерлі-зайыптыларқала көшесінде электросамокатпен серуендеп жүр. Ал олардың соңынан күйеу жігітпен қалыңдықтың достары ілескен.
Постқа пікір қалдырған желі қолданушылары жас жұбайлардықұттықтап, кейбіреулер бұл қадам креативті әрі үнемді екенін айтуда.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.