Алматыда жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруін талқылауға арналған республикалық ғылыми конфереция болады

АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 25 мамырда «Жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы аутодеструктивті мінез-құлық: превентивті түзету жолдары мен болашағы» деген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Оны Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті ұйымдастырып отыр. Конференция жұмысы үш секция бойынша өтеді. Онда мына мәселелер талқыға түспек: жас жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқын зерттеудің әдіснамалық негіздері мен психофизиологиялық ерекшеліктері, мінез-құлықтың бұзылуының әлеуметтік-мәдени және этнопсихологиялық аспектілері, білім беру орталықтарында суицидтік мінез-құлықты психологиялық-педагогикалық тұрғыда алдын-алу, білім беру ұйымдарында ургентті психологиялық көмек беруді ұйымдастыру, психологиялық қызметті жетілдіру.

ЮНИСЕФ-тің жыл сайынғы зертеуіне қарағанда Қазақстан Орталық Азияда жасөспірімдердің сунициді бойынша алғашқы лекте  келе жатыр. Мәселен 15-19 жастағы қыздар арасында бірінші орында тұр. Балалар психологы Маргарита Өскембаеваның айтуынша, балалар сунициді ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірерлік деңгейде. Дағдарыстық орталықтар одағының мәліметіне қарағанда, 2011 жылы «150» телефон нөміріне жасөспірмдердің  өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі бойныша 10 қоңырау келіп түскен болатын. Биыл алғашқы 2 айда оның саны 4-ке жетіп отыр.