Алматыда жасөспірімдерге бақылау күшейтілді
деп хабарлайды қалалық Ішкі істер департаменті.
Аталған шараның мақсаты маусымның 19-ы күні өтетін «Жас түлек 2010» акциясы қарсаңында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу.
«Шара барысында жасөспірімдердің арасындағы топтық жанжалдарды анықтауға, есірткі мен алкоголь өнімдерін тұтынатын жасөспірімдерді, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға шақыратындарды, жасөспірімдерге алкоголь, темекі өнімдерін сататындарды анықтауға арналған рейдтер жүргізіледі», дейді Алматы қалалық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айгүл Шөпшекбаева.
Оның сөзіне қарағанда, шараның алғашқы 2 күнінде ІІД-не 236 құқық бұзушы жеткізілген. 32 жағдайы нашар жанұя анықталып, 30 жасөспірім арнайы есепке алынған. Бұнымен қатар 11 ата-ана балаларына дұрыс тәрбие бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұнымен қатар 3 ата-ана мен 3 заңды тұлға жасөспірімдерді түнгі ойын-сауық орнына жібергені үшін, 2 азамат жасөспірімдерді арақ өнімдерін тұтынуға итермелегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қалалық жасөспірімдерді уақытша оқшаулау, сауықтыру орталығына 27 бала түскен.