Алматыда жастар арасында бильярдтан турнир басталды
16:12, 26 Қараша 2009
АЛМАТЫ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы «Бастау» спорт клубында студенттер мен оқушылар арасында бильярдтың «Еркін пирамида» түрі бойынша турнир басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бильярд спорты қауымдастығына сілтеме жасап.
Жарысқа Алматы, Петропавл, Тараз, Ақтаудан 48 спортшы қатысады. Оның 37-сі жігіттерден құралса, 11-і қыздар. Жарысқа қатысушылардың ең кішісі 12, үлкені 25 жаста. Жарыс қарашаның 30-на дейін созылады.