Алматыда жастар арасында шағын футболдан жарыс өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен шағын футболдан жарыс өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараны Алмалы аудандық әкімдігінің есірткі және есірткі саудасымен күрес комиссиясы ұйымдастырып отыр.

Сайысқа осы ауданда тұратын ұл, қыздар өздерінің үй алаңы бойынша команда құрып, бәсекелік додаға қатысуда.

Шараның мақсаты - жастарға есірткінің зиянды екендігін түсіндіріп, оларды салауатты өмір салтына баулу дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Спорттық шара барысында Чеерлидерлер федерациясының бишілері өз өнерлерін көрсетсе, «Apple Sun advertising grup» компаниясы ойындар ұйымдастырып, сусындар таратты.