деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинар барысында «Мемлекеттік емес ұйымдардағы стратегиялық жоспарлау», «Мемлекеттік емес ұйымдардағы менеджменттің негізі», «Мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының мемлекеттік емес ұйымдармен ара-қатынасы» тақырыптарында қалалық Жастар саясаты жөніндегі басқармасының бастығы Нұрбол Баймұханов, Қазақстан байк-клубының президенті Дмитрий Петрухин, қалалық ішкі саясат департаментінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Қазақстан жастар конгресінің құрылғандағы мақсаты - Қазақстандағы жастар ұйымдарының басын біріктіру, бірлесіп жұмыс істеу, қолдау. Бүгін осы бағыттағы жұмыстарымыздың бірі ретінде арнайы семинар-тренинг өткізіп отырмыз.Бұндағы мақсат жастар ұйымдары өкілдерінің әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы кәсібилігін арттыру.Сонымен қатар жастар ұйымдарының пікір алмасуын қамтамасыз ету», дейді Қазақстан жастар конгресінің жобаларды үйлестірушісі Айбек Әбілдаев.
Шараға 15-тен астам жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.