Аталмыш конференцияға қатысушылар жастарды мазалап жүрген бүгінгі күнгі өзекті мәселелерді талқылайды. Мысалы ҚР заңнамасына қандай өзгертулер кіргендігі және әскери борышын өтеушілер, студенттер мен жас отбасылардың құқығы, сонымен қатар жұмыс өтілін енді бастап жатқан жас мамандар жедел ақпараттар ала алады. Сарапшылар соңғы жылдары жастардың өмірін жақсартуға байланысты жасалған істермен ақпараттандырады.
Сарапшылар қатарында - Алматы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі Басқарма басшысы Бахтияр Мәкен, ҚР БҒМ жастар саясаты мен тәрбиелік жұмыстар Басқармасының директоры Мадияр Қожахмет, ҚР Конституциялық кеңесінің құқықтық сарап бөлімінің меңгерушісі Қанат Сәрсембаев және тағы басқа ұйым өкілдері бар.
Конференция Алматы қаласы жастар конгресінің ұйымдастыруымен өтуде.