Шараға қаланың спорт мектептері, Досуг орталықтары және спорт клубтары қатысады. Акция осымен екінші жыл қатарынан өткелі отыр және жастарға Алматының жетекші ұйымдарымен танысуға, сондай-ақ, өзіне спорттық хобби таңдауына мүмкіндік береді.
Акцияға жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина мен Қазақстан футбол қауымдастығының экс-президенті, «Қайрат» ФК-ның даңқты қақпашысы Құралбек Ордабаев қонақ ретінде келеді деп күтілуде.