Спикерлер арасында Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының Атқарушы директоры Жәмиля Асанова, "Болашақ" республикалық қозғалысының директоры Дәурен Бабамұратов, "Медиа стандарттар институты" қоғамдық қорының Бас директоры Камила Жүсіпова мен Айнүр Нұртай мен Шыңғыс Лепсібаев сияқты жас зерттеушілер бар.
Онда - жастар үкіметтік емес ұйымдарының қазіргі кезде бетпе-бетекеліп отырған қиындықтары, ұйымдардың жетістік факторы, қоғам мен донорлардың назарын аудару мен қаржы тартудың барынша тиімді жолдары сияқты мәселелер қарастырылмақ. Онда сондай-ақ, «Сорос-Қазақстан» қорының "Жастар бастамасы" бағдарламасының қолдауымен жүргізілген екі зерттеудың таныстырылымы болады деп жоспарлануда.