Спикердің сөзінше, 2022 жылы жоба аясында әскери-патриоттық тәрбиені ілгерілету бастамаларына гранттық қаражат бөлінетін болады. Мұндай жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді.
«Бірқатар бастамаларға гранттық қаражат бөлу алғаш рет қарастырылып отыр. Әскери-патриоттық клубтар мен ұйымдар арасында 10 шағын грант ойнатылады. Әрқайсысының мөлшері 400 мың теңге. Біздің жобамыз әскери-патриоттық ұйымдар мен клубтарға әдістемелік қолдау көрсетеді, әскери қызмет пен патриотизмнің беделін көтеруге ықпал етеді. Белгілі жаттықтырушылардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар, сынып-сағаттар, пікірталас форумдары, ойындар мен патриоттық акциялар өткізу жоспарда», - дейді жоба жетекшісі Шырын Тленчиева.
Осылайша, «Жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу шараларын іске асыру» жобасы аясында әскери-патриоттық клубтар мен басқа да патриоттық бірлестіктерге тартылатын жастардың үлесін 2022 жылдың соңына дейін 20%-ға арттыру көзделген.