Алматыда жасырын 4 ойынхана табылды

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматы қаласында жасырын қызмет істеп келген 4 ойынхана табылды. Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұман мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әшкереленген казинолар Алматы қаласында Әуезов, Шевченко, Алтынсарин және Жұбанов көшелерінде орналасқан. Полиция тінтуі кезінде олардан жалпы алғанда 166 ойын автоматы, 7 электрондық рулетка, 440 мың теңге және 1800 АҚШ доллары табылды.