Алматыда жауын жауып, көшелерді су басты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткінші жауын жауып, көшелерді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су көбінесе арық жүйесі дұрыс жасалмаған жерлерді алып кетті.

 

Қазір коммуналдық қызмет өкілдері су толып қалған арықтарды қоқыстардан тазартып жатыр.

  

Жақында ғана қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмасхан Ахмеджанов қаланың су басу себептерін айтқан болатын.



 

«Қазіргі таңда арықтарды қайта жасау жұмыстары жүріп жатыр. Қосымша су ағызатын каналдар салсақ деген ой бар.
Бұрын Алматы каналы кішкентай болатын. Жауын жауған кезде су баспайтын. Қазір көп жерде асфальт, ғимараттар. Су сіңбейді. Сондықтан, көшелерге ағады. Арық желісін кеңейтіп, суды өзендерге ағызатын каналдар жасауға кірісеміз», - деді Алмасхан Ахмеджанов.