Сауда орталығының төбесінен аққан судың видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Осыған байланысты сауда орталығының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін MEGA Alma-Ata сауда орталығы жабылды. Қауіпсіздік іс-шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сауда орталығының шатырындағы зақымдарды тез арада түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ғимарат шатырының ауданы 58 500 шаршы метрді құрайтынын еске саламыз. MEGA Alma-Ata сауда орталығы ертең, 25 маусымда әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қайта ашылады», - делінеді хабарлмада.
Еске салайық, бүгін Алматыда түстен кейін күн күркіреп, нөсер жауын жауды. Толассыз жауған жауын суы көшелердегі арықтарды толтырып, көшелерді су басты .
Сондай-ақ, бүгінгі жауын астында шаһарда троллейбустың өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.