АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргінші жолында балаларды қағып кете жаздаған жүргізуші айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полициясының ресми өкілі Ирина Лукьянина Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталған факті бойынша автомобиль жүргізушісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп жазды ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Lexus көлігін мінген әйел жоғары жылдамдықпен жаяу жүргінші жолымен жүріп, балаларды қағып кете жаздаған болатын. Оқиға Алматының Тимирязев көшесі бойында орын алған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.