Жаңа эксперименталды белгілер Казаков көшесі мен Мұратбаев-Жібек жолы көшелерінің қиылысында орнатылды.
Мұның алдында Сәтбаев-Желтоқсан көшелерінің қиылысында торлы жол белгілері пайда болғанын жазған болатынбыз. Қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жыл соңына дейін тағы 5 көше қиылысында осындай торлы белгі сызылады. Торлы белгілердің арқасында кептеліс көп болатын қиылыстарда жол апаты төмендейді деген болжам бар.