Кеше түнде 21 жастағы "Айнабұлақ" шағынауданының тұрғыны Боралдай көшесімен төмен түсіп келе жатқанда, жолды кесіп өтпек болған азаматты қағып кеткен. Жол-көлік апатынан кейін жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Оқыс оқиға салдарынан Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны сол мезетте қаза тапқан.
«Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алдымен «Мерседес» көлігі табылып, кейіннен жүргізушісі ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр», деді Алматы қаласының ІІД-нің жол полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Түсіпов.