Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты Рысқұлов көшесінде болды. Жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Осы тұста шығыс бағытқа қарай келе жатқан «Фольксваген Пассат» жүргізушісі көлігін тоқтатып үлгермей, оны қаққан. Шамамен 35 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқан адамның аты-жөні әзірге анықталған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, ол мас болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.