Көрген адамдар хабарлағандай, жалын «Олжа» базарынан басталған, сонан кейін көршілес «Аян» базарына ұласқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен, олар жалынды ауыздықтауға тырысуда. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, өрт 300 шаршы метрді шарпыған.
19:04, 13 Қыркүйек 2013
Алматыда жайма базар өртенуде
АЛМАТЫ. 13 қыыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласы базарларының бірінде өрт басталды. Түтін будағы, тіпті, қаланың орталығында да көрінеді.