Алматыда жазушы Сәбит Досановтың 70 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, профессор, белгілі қазақ жазушысы Сәбит Досановтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеш жазушы шығармаларына негізделген сахналық қойылыммен ашылды. Шараның ашылу салтанатында Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.

Кешке жазушының әріптестері, ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Франция, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз және тағы да басқа елдерден арнайы келген жазушылар мен аудармашылар қатысып, жылы лебіздерін білдірді.