Алматыда жедел жәрдем қызметіне тәулігіне қанша шақырту түседі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 103 нөмірі бойынша медициналық жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2500-ге дейін шақырту түседі. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, ЖРВИ секілді мерзімді аурудың кезеңінде шақыртулар саны 4000-ға дейін жетеді. Ал COVID-19 пандемиясы кең етек алған кезеңде 8000-ға дейін шақырту түскен.

Жалпы, 4-ші жеделділік (шұғыл емес) санатына қатысты шақыртулар өте көп түседі. Мұндай шақыртулар қалалық емханалардың жедел медициналық көмек бөлімшелеріне жөнелтіледі. Сондай-ақ, консультациялық сипаттағы шақыртулар да болады. 2500 қоңыраудың 300-ге жуығы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының контакт-орталығына және Телемедицина орталығына тиесілі.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайда барлық тұрғындарға, қандастарға, ҚР-да тұрғылықты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін ең төменгі қажетті медициналық көмектің көлемі қарастырылған. Яғни, кезек күттірмейтін шұғыл араласу – бұл ТМККК, ал анағұрлым жоғары стандарттағы қызмет көрсетулер, қосымша, қымбат тұратын, кепілдендірілген тегін қызмет көлемінен аса сирек қызметтер – бұл МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру).

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша консультацияларды 1406 нөмірі бойынша Контакт-орталығынан алуға болады. Қазақстанның барлық территориясы бойынша мобильді және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Жұмыс күндері контакт-орталығы 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мереке және демалыс күндері, сондай-ақ, түңгі уақытта халыққа IVR қызмет көрсетеді. Бұл жүйе алдын-ала жазылған дауыстық хабарлама бойынша контакт-орталықтың ішкі қоңырауларының маршрутын анықтайтын және операторлар өздерінің функционалдары бойынша жұмысқа кіріскен кезде, сұрақтар тіркеледі және жұмысқа қабылданады.

КВИ-мен күресте маңызды шешімдердің бірі 2020 жылғы қыркүйекте Телемедициналық орталықты (ТМО) құру болды. Оның мақсаты - COVID-19-бен үй жағдайында ем алушы, сондай-ақ, қауіп тобындағы пациенттерді қашықтықтан бақылау және консультация беру болып табылады.

ТМО байланыс нөмірі: 300 05 05, қысқа нөмір - 1312.