деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз аталған міндеттерді орындау барысында қоғамның да оған белсене атсалысуын кеңінен пайдалана бастадық. Күзетшілер қатарынан шыққан ерікті көмекшілер көше қылмыстарын ашуда және алдын алуда елеулі қол ұшын беруде. Қол жеткізіліп жатқан жетістіктерді осы жаңа бастаманың нәтижесі деп қарастырамыз», дейді генерал-майор Е. Тұрғымбаев.
Қазірде Алматыда күзет қызметімен айналысатын 600-ден астам мемлекеттік емес субъект жұмыс істеп, олар 17 мыңнан астам нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Биылғы жылы қоғамдық тәртіпті күзетуге 9 мыңдай күзетші тартылған. Соның арқасында 345 қылмыс әшкереленіп отыр. Полицияның қоғамдық көмекшілері қатарына 3 мыңнан астам күзетші қосылған.