Алматыда жеке тұрғын үйде газ баллонынан шыққан газдан балалар зардап шекті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда жеке тұрғын үйде газ баллонынан шыққан газдың арты өртке алып келді, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметі.

«Өрт кезінде денесін күйік шалған 4 жасар және бір жасар екі бала мен 27 жастағы ер азамат ауруханаға жеткізілді», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.