ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, үйдің төбе жабындысы жанып кеткен, өрт толығымен 2 сағаттан кейін сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 34 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құрады. Өрт болған №1-ші пәтерде ер адамның мәйіті ( жеке тұлғасы анықталмаған) табылды. 4 адам қауіпсіз жерге көшірілді.