Қайғылы оқиға «Достар мед» жекеменшік емханасында болған.
Департамент басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, бала анестезиологиялық препаратты дұрыс енгізбеуден көз жұмған.
«Департаментке баласы қайтыс болғанын айтып Росина Павлова хабарласты. Оның шағымын қарастырған комиссия медициналық көмектің сапасыз орындалғанын растады. Нақтырақ айтқанда, анестезиологиялық препарат дұрыс қолданылмаған. Баланың өлімі содан болған», - деді Айзат Молдақасымова.
Департамент басшысы қазіргі таңда бұл дәрігерлердің емдеу жұмысынан шеттетілгенін айтты.
Емхананың балалар хирургиясы бөлімінің жұмысы тоқтатылған.
Онда трансфузиологиялық жұмыстар заңсыз жүргізілгені анықталды. Ол үшін емхана басшылығына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдары істі сотқа бағыттамақ.
Олардың кінәсі толық дәлелденген жағдайда емхананың лицензиясы тоқтатылып, аккредитациясы алынады. Сонымен қатар, баланың өліміне кінәлі дәрігер сертификатынан айырылады.
Одан бөлек пациентті өлтіріп алғаны үшін дәрігерлерге қатысты сот органдары бөлек үкім шығарады.