Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Жароков көшесінде орналасқан «Клебанов» ЖК-да түнгі сағат 23.43-те шыққан өрт, екі сағаттың ішінде кешеннің 2 және 3 қабатты ғимараттарын толығымен шарпыды.
Тілсіз жаумен күреске Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымдардың 52 адамы мен 18 техникасы жұмылдырылды. Жалын 31 қазан күні таңертеңгі сағат 6 шамасында ауыздықталды. Оның шарпыған жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылардың мәліметінше, төтенше оқиға салдарынан 19 жасар жұмысшы күйік жарақаттарын алды.
Қазір өрттің шығу себептері мен шығындары анықталуда.