Мәселен, жастар арасында «Медине», «Еңбек», «Ice Party» спорт кешендерінде футболдан, «Ақ барыс» кешенінде футбол мен роликпен жүгіруден және ардагерлер арасында жаттығудан жарыстар өтіп жатыр. Сондай-ақ «Каравелла» спорт кешенінде жастар бокстан, ал ардагерлер жаттығудан және «Мединеде» үстел теннисінен өзара сайыс өткізуде.
Оны Әуезов ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл шаралар «ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен «Қазақстанда дене шынықтыруды дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында өтуде. Мақсат - салауатты өмір салты мен спортқа деген қызығушылықты қалыптастырып, дамыту және жетілдіру болмақ.