ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабаралағандай, мұнда шаруашылық құрылыстары өртенді. Өрт екі сағаттан кейін толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 26 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады.
ТЖ орнынан термиялық күйіктер алған 61 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.