Баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Фотин көшесі, 55 мекенжайы бойынша орналасқан жеке үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама кешкі 21:36-да түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, екі отбасыға арналған үй өртенген. Өрт көлемі 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 22:35-те ауыздықтады. Әзірге жалынның неден тұтанғаны белгісіз.