Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
«4 наурыз күні сағат 19.20 кезінде «101» пультіне Медеу ауданында жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу құтқарушы қызмет барды», - деп хабарлады С. Баймұхамбетова.
Оның айтуына қарағанда, құтқарушылардың алғашқы бөлімшесіоқиға орнына 4 минуттан кейін жеткен. Бұл кезде жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын екі үйдің шатыры мен жекеменшік үйдің бөлмелері отқа оранып жатқан.
«Өртті сөндіруге жекеменшік үйлердің тым жақын, 0,5 метр ғана қашықтықта орналасқаны кедергі келтірді. Өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. Өрт сағат 19.52 кезінде сөндірілді. Оған 7 техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр»,- деді ТЖД өкілі.