Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде болатын бұл шара осы саладағы Қазақстандағы алғашқы студенттік олимпиада болғалы отыр. Оның басты мақсаты - талантты жастарды анықтап, ақпараттық технология саласына бағытталған болашақ кәсіби қызметін қолдау. Сондай-ақ телекоммуникациялық технология саласындағы техникалық білімді насихаттап, ұлттық және халықаралық инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға тарту.
Cisco желілік академиясының аясындағы бұл бағдарлама қазір әлемнің 168 елінде жүзеге асырылып жатыр. Ол жалпыға мойындалған стандарттарды қолданып мамандарды жобалау, құрылыс, локальді және ғаламдық желілерді іске қосуда теориялық және тәжірибелік іргелі дайындауға бағытталған. Онда білім берудің электрондық үлгісі (e-learning) қолданылады.