АЛМАТЫ. ҚазАкпарат - Алматыда сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған сегіз адамға 1,3 миллион теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы жыл басынан бері байланыс орталығына 41 хабарлама келіп түсті. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған сегіз адамға 1,3 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді», -дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.
айта ктерлігі, мегополисте азаматтардың сенімін арттыру үшін қоғамдық қабылдау форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық құрылды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.