Сайыс қараша айының 4-5-і аралығында өткізілмек.
««Метеор» спорттық шарасы қала тұрғындарын негізгі жүгіру түрлерімен шұғылдануды насихаттау, осы спорт түріне қызықтыру, сондай-ақ, әуесқойлардың жүгіруден шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылады», делінген хабарладама.
Жарысқа 14 жастан жоғары жүгіру әуесқойлары қатыса алады. Шара Алматы қаласының жеңіл атлетика федерациясы, «Экстремальная атлетика» қоғамдық бірлестігі мен Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Бұл жарысқа қатысу үшін www.runmeteor.kz сайтында электронды түрде тіркелу қажет.