деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аймақтық диалогты ілгері жылжыту, Орталық Азия елдерінің, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып жеңіл атыс қаруларының бақылаусыз таралу қаупін төмендету үшін ақпараттық тәжірибе алмасуды жолға қою семинардың басты мақсаты болып табылады», деді А. Әбдірахманов.
Оның айтуынша, шараға Орталық Азия елдерінің, Ауғанстанның, Қытайдың, Ресейдің, Еуропалық Одақ елдерінің, сондай-ақ БҰҰ-ның қарусыздану мәселелері жөніндегі кеңсесінің, БҰҰ-ның превентивті дипломатия жөніндегі Ашғабадтағы аймақтық орталығының, ЕҚЫҰ, ҰҚШҰ және ШЫҰ-ның өкілдері қатысатын болады.