Алматыда жеңіл көлік автобусқа соғылып, өртеніп кете жаздады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абай көшесінде жеңіл көлік  автобусқа соғылды. Бұл туралы Инстаграмдағы kris_p_almaty парақшасында жарияланған.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Тойота Лэнд Крузерді тізгіндеген әйел алдындағы кенет тоқтаған көліктен қашам деп автобусты соққан.

Соққы салдарынан автобустан метан газы аға бастады. Оқиға орнына жеткен мамандар төтенше жағдайдың алдын алды.

Жол апатынан көлік жүргізушісі мен оның баласы жапа шегіп, оларға дәрігерлік көмек көрсетілді.

Оқиғаның мән жайын полиция анықтап жатыр.  

Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) Май 16 2017 в 6:07 PDT