Жол апаты Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолының қиылысында болған.
КамАЗ Төле би көшесінің бойында оңтүстік бағытқа қарап тоқтап тұрған. Оңтүстікке бағыт алған Toyota Avalon көлігі қатты жылдамдықпен келе жатқан. Жүргізуші тежегішті басып үлгермей, жүк көлігінің артқы тұсынан соққан.
Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол оқиғасының мән-жайын полиция тексеріп жатыр.