Алматыда жүргізуші әйел «Тойота Рав 4» көлігімен Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағыттан келе жатып, Наурызбай батыр көшесіне жетпей, жол шетінде төгілген құмтастарға соғылған.
Куәгерлер ол жерде ешқандай ескерту белгісі болмағанын, әйел адам байқамай қалғанын айтады. Ескерту белгілері арықтарда шашылып жатқан. Жол апатына ұшыраған келіншекті жедел жәрдем алып кеткен.
Оқиға орнына полиция шақыртылды.